Тура соңғы сәтте ережені өзгерткендеріңіз үшін рақмет! – деді ол
Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина Токиодағы турнир басталмас бұрын WTA-ның қабылдаған шешіміне ашуланып қалды.
Ол Instagram-дағы парақшасында ұйымдастырушылар соңғы сәтте ғана жарыс ережесін өзгерткеніне өз наразылығын білдірді.
Тура соңғы сәтте ережені өзгерткендеріңіз үшін рақмет! Әдеттегідей WTA-ның керемет шешімі, - деген сарказмға толы жазбасына Рыбакина қошемет, цирк және сайқымазақтың эмодзилерін де іле кетіпті.
Токиода WTA-500 санатындағы турнир 25 қыркүйек пен 1 қазан аралығында өтеді. Әлемнің бесінші ракеткасы Елена Рыбакина чех теннисшісі Лида Носковамен кездеседі.