Ол тізімді бекіту туралы бұйрыққа Үкімет төрағасы Михаил Мишустин қол қойған
РФ Үкіметі ресейлік валюта нарығында сауда жасауға рұқсат беретін елдердің, банктердің және брокерлердің тізімін бекітті.
Шетелдік несие мекемелері мен достық және бейтарап елдердің брокерлеріне ресейлік валюта нарығында, сондай-ақ туынды құралдар нарығында сауда жасауға рұқсат етіледі. Осындай мемлекеттердің тізімін бекіту туралы бұйрыққа Үкімет төрағасы Михаил Мишустин қол қойды, - делінген Ресей министрлер кабинетінің мәлімдемесінде.
Бір қызығы, бұл тізімде барлығы 30-дан астам ел бар (Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстан, Алжир, Бангладеш, Бахрейн, Бразилия, Венесуэла, Вьетнам, Египет, Үндістан, Индонезия, Иран, Катар, Қытай, Куба, Малайзия, Марокко, Моңғолия, Біріккен Араб Әмірліктері, Оман, Пәкістан, Сауд Арабиясы, Сербия, Таиланд, Түркия, Оңтүстік Африка), тек Қазақстан жоқ.
Сондай-ақ бұл нормалар «дос және бейтарап елдердің ұлттық валюталарын тікелей айырбастау тетігінің тиімділігін арттыруға және Ресей экономикасының ұлттық валютадағы есеп айырысуға сұранысын қанағаттандыру үшін рубльге тікелей баға белгілеуді қалыптастыруға бағытталғаны» атап өтілген.