FETO Түркия және әлемнің бірқатар елінде лаңкестік ұйым ретінде танылған
Астанаға ресми сапармен келген Түркия сыртқы істер министрі Хакан Фидан мен Қазақстан сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің кездесуінде екі елдің FETO ұйымымен күрестегі қадамдары талқыланды.
Бүгін ортақ дұшпанымыз FETO лаңкестік ұйымымен күрес барысында жасалуы керек қадамдарды талқыладық. Бұл қаскөй ұйымды өте жақсы білеміз. Олар Түркияда және басқа елдерде мемлекетті шайқалту үшін не істегенін, қандай әдістерді қолданғанын және кімдерге «мердігер» болып жүргенін де білеміз. Бұл опасыз ұйымға қарсы бәріміз бірге қырағылық танытуымыз керек. Бұл тұрғыда біз (Түркия) қажет қолдаудың бәрін көрсетуге дайынбыз, - деді Хакан Фидан.
Еске салайық, Режеп Тайып Ердоған бастаған Түркия билігі 2016 жылдың 15 шілдесінде елде төңкеріс ұйымдастыруға талпынғандарды «көлеңкелі мемлекет, яғни оның артында түрік діни лидері Фетхуллах Гүлен тұр» деп мәлімдеді.
Қазіргі Түркия билігі FETO ұйымымен күресуді жалғастырып келеді. FETO Түркия және әлемнің бірқатар елінде лаңкестік ұйым ретінде танылған.