Halyq Uni логотип
×

Жаңа министрліктердің құрылуы бюджетке салмақ түсірмей ме? - Жамаубаев жауап берді

Ведомство мемлекет қаржысын үнемдеу саясатын ұстанады

 Дәурен Ерболат 06.09.2023 | 12:58
Жаңа министрліктердің құрылуы бюджетке салмақ түсірмей ме? - Жамаубаев жауап берді
фото: Halyq Uni

Премьер-министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Қазақстанда 5 жаңа министрліктің құрылуы бюджетке айтарлықтай салмақ түсірмейтінін айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Оның пікірінше, мәселе бақылауда болады.

Менің ойымша, бәрі экономиканың өсуі есебінен синергиямен жабылады. Бұл министрліктер өз салаларын ілгерілету үшін құрылды. Көптеген салада өсім бар, олардың қарқынын арттыру керек. Біздің міндетіміз – орта мерзімді перспективада экономикалық өсімді жылына 6-7%-ға қамтамасыз ету. Экономикалық өсімнен түсетін салықтар есебінен (бюджет шығыстары – автор) толық жабылады, - деді Ерұлан Жамаубаев Мәжілістің жалпы отырысынан соң.

Сондай-ақ ол жаңа министрліктердің шығындары көп болмайтынын атап өтті. 

Бұл әкімшілік шығыстар көп емес. Соңғы жылдары мемлекеттік органдарды ұстауға жұмсалатын шығындар өспеді. Есіңізде болса, көлік, жиһаз сатып алуға мораторий болды. Біз оңтайландыру саясатын одан әрі ұстанамыз, - деді вице-премьер.

Еске сала кетсек, бұған дейін президенттің Жарлығымен 5 жаңа ведомство құрылған еді:

  • Көлік министрлігі;
  • Туризм және спорт министрлігі;
  • Мәдениет және ақпарат министрлігі;
  • Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі;
  • Су ресурстары және ирригация министрлігі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама