Ешқандай ұйымның азық-түлік бойынша құжат беруге хақысы жоқ, - дейді мамандар
Ұлттық акредиттеу орталығының мамандары елімізде азық-түліктерге берілетін «халал» белгісінің заңсыз екенін айтты. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлады.
Орталық мамандары Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының беріп жатқан «халал» таңбасының заңсыз екенін және ешқандай ұйымның азық-түлік бойынша құжат беруге хақысы жоқтығын алға тартты.
Оның алдында өткен жылы аттестатын алмаса, бізден бағалаушы барып көрмесе, бұл заңсыз деп те айта аламын. Заңға сәйкес деп жұмыс істеп жатқан мамандар сол салаға сай ма, сай емес пе дегенге келсек, стандартта көрсетілген 28 пунктке лайық аттестат алғандарды ғана сай деп айта аламын, – деді Ұлттық акредиттеу орталығы директорының орынбасары Әбсамат Әкімов.
Сондай-ақ ол алдағы уақытта «халал» таңбасын берушілердің жұмыстары жіті тексеріліп, жүйеге келтірілетінін жеткізді.