Halyq Uni логотип
×

«Қандала мен тарақан бар»: Астана медицина университетінің жатақханасы тексерілді

Университет басшылығы жатақхана ғимаратының ескі, 1974 жылы салынғанын мойындайды

 Еркеғали Болатұлы 01.09.2023 | 09:43
«Қандала мен тарақан бар»: Астана медицина университетінің жатақханасы тексерілді
фото: дереккөз

Астана медицина университетінде қандала мен тарақан бар деген шағым түскен. Соған байланысты оқу орнында комиссия құрылды. Бұл туралы «Астана» телеарнасы хабарлады.

Алайда комиссия студенттердің бөлмелерінде ешқандай зиянкестердің табылмағанын мәлімдеді.

Жүргізілген комиссиялық тексеру шеңберінде санитарлық нормаларды сақтамау және тарақандардың болуы, бөлмелерде төрттен астам студентті орналастыру туралы ақпарат расталмады, – делінген жоғары оқу орнының сайтында.

Студенттерді орналастыруға дайындық аясында 26 тамызда жатақхананың екі блогына жоспарлы дезинфекция жүргізілген. Содан кейін тазалау компаниясы барлық бөлмелерді тазартты.

Университет басшылығы жатақхана ғимаратының ескі, 1974 жылы салынғанын мойындайды. Осыған байланысты онда кезең-кезеңімен жөндеу басталған. Қажет болған жағдайда жиһаз бен тұрмыстық техниканы жаңарту жүргізіледі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама