«Несі сенсация?»: министр 1 млн теңгеге сатып алынған орындық жайлы жауап берді
Министрліктің орындықтары кейінгі 9 жылда ауыстырылмаған
Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев бүгінгі Үкімет отырысында министрліктің неліктен 1 миллион теңгеге орындық сатып алғанын түсіндірді.
Бұл жерде ненің соншалықты сенсация екенін білмеймін. Министрлік қызметкерлеріне 15 креслоны 1 миллионға сатып алдық. Орындығы бұзылғандарына алдық. Олар жай ғана ауыстырылды. Бір орындық 75 мың теңге болып шықты, - деді министр.
Оның айтуынша, министрліктің орындықтары кейінгі 9 жылда ауыстырылмаған және бұл сатып алу алдын ала жоспарланған.
«Бұл – жай ғана кәжеттілік. Бұрынғысы істен шығып, алу кажет болды», - деді Алмасадам Сәтқалиев.