Астанада бір сыныпта 52 емес, 36 бала оқиды – білім басқармасы
Қалада 26 мың оқушыға орын жетпейді
Елордадағы мектептерде 52 бала емес, 36 бала оқиды. Бұл туралы Астана қаласы білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Қазір шаһардағы білім ордаларында орын тапшылығы мәселесі өзекті.
Бүгінде Астанада 26 мың оқушыға орын жетпейді. 8 мектеп – үш ауысымда, 18 мектепте оқушылар шамадан тыс оқып жатыр. Мұнда бір сыныпта 52 бала оқиды деген дерек жоқ. Елордадағы мектептерде (бір сыныпта) 30-34 бала, ал үш ауысымды мектептерде 35-36 баладан оқып жатыр», - деді Қасымхан Сенғазыев Астанада өтіп жатқан республикалық Тамыз кеңесінің кулуарында.
Бұған дейін әлеуметтік желіде Астанадағы мектепте бірінші сыныпта 52 оқушы отыруы мүмкін екен деген ақпарат тараған еді.