«Шөлдаладағы» сарбаз өлімі: қамауда отырған сержанттың Бекбол Мираштың қазасына қатысы болмай шықты
Қайғылы жағдай 2022 жылдың тамызында болған
2022 жылдың тамызында «Шөлдала» шекара заставасында сарбаз Бекбол Мираш қайтыс болды. Қылмыстық іс қозғалып, cержант Айбек Нұртаев қамауға алынды. 2023 жылдың 24 тамызында Шымкент гарнизонының әскери соты күдіктіні екі бап бойынша ақтады. Бұл туралы Нұртаевтың адвокаты Сержан Пралиев мәлімдеді, деп хабарлайды Halyq Uni.
Айбек Нұртаев қылмыстық кодекстің 105-бабы «өзін өлтіруге жеткізу» және 451-бабы «билікті асыра пайдалану» бабы бойынша ақталды. Сот оның Бекбол Мираштың өліміне қатысы жоқ деп шешті. Тағы екі бап бойынша айыпталған еді. Бірі – 10 мың теңге бопсалау, екіншісі – екі сарбазды арақ ішкені үшін соққаны үшін айыпталды. Бұл екі бап бойынша Айбек Нұртаев 3,5 жылға бас бостандығынан айырылды, - дейді Сержан Пралиев.
Адвокаттың айтуынша, сот Нұртаевты ақтағаннан кейін, Бекбол Мираштың өліміне кінәліні табу үшін істі прокуратураға қайтарды. Енді тергеушілер күдіктілерді анықтауы қажет.
Тараз қаласындағы «Шөлдала» шекара бөлімінде борышын өтеп жүрген 2004 жылы туған Бекбол Мираш асылып тұрған жерінен табылған. Адвокат бұған дейін қайғылы жағдайдың алдында бес адам бірігіп ішімдік ішкенін айтты.
«17 тамыздан 18 тамызға қараған түні бес адам арақ ішкен. Оның ішінде Бекбол Мираш (марқұм) та бар. Жарты жылдан бері бірге қызмет етіп келе жатқан жолдастары жанында болған. Арақ ішкен. Бәрі саралауда бар. Мирашта старшина Кәрібаевтың кабинетінің кілті болған. Сол жерде бағасы қымбат үш шөлмек арағын ішіп қойған. Сол старшина келесі күні бәрін тауып, ұрысқан. Сержан Нұртаевқа жұмыс жүргіз деп тапсырған. Нұртаев «неге ішесіңдер?» деп ұрысқан», - дейді Пралиев.
Адвокаттың айтуынша, сот сараптамасы кезінде марқұм Бекбол Мираштың ауыз қуысынан өз спермасы табылған. Ал киімінен табылған сперма басқа адамдарға тиесілі. Олардың жеке басы анықталған, іс бойынша олар сотта куә болған.
«Спасибо за ми***» деп хат жазған. Ол жерде сондай бар. Сарбаздардың ортасында сондай нәрсе болған. Өз шәуеті қалай өзінен табылды? Біреуі жасағаннан кейін онымен сүйіскен. Содан шәуеті өз аузында қалып қойған. 5 мың теңге жіберген адамның шәуеті ішкиімінен табылып отыр. Ол адам іс бойынша куә болып отыр. Тергеу барысында ешкім мән бермеді. Әскери прокуратура ол жерде жыныстық әрекет болмағанын мәлімдеді. Ол жерде болған! Ойын ретінде болуы да мүмкін. Ол жерде телефон болған, оқиғаның бәрін жанындағы сарбаздар видеоға түсірген. Бекбол Мирашқа көрсеткен соң, ол асылып қалған, - деді Сержан Пралиев.
Адвокат Сержан Пралиев сотталған Айбек Нұртаевтың сот үкіміне қатысты апелляциялық шағым жасайтынын мәлімдеді.