Халық мұсылман болу мен араб болуды шатастырып алды – сарапшы

Айгерім Таубай

Қайыр Рысбаевтың айтуынша, балаға ат қою қоғамның көңіл күйіне байланысты өзгереді

коллаж: Halyq Uni

Қазақстандық ата-аналар кейінгі кезде ұлдарына Әлихан, Алдияр, Әмір, Омар есімдерін жиі таңдайтын болған. Ұлға келгенде трендтегі есімдер арасында Алан, Айсұлтан, Мұхаммад және Нұрислам да бар. Ал қыздарға келгенде ата-аналар Медина, Айлин, Айша, Асылым есімін жиі таңдайтын болған. Бұл қатарда Раяна, Әмина да бар. Мұндай деректі Ұлттық статистика бюросы жариялады.

Алайда статистикалық деректер 25-30 жыл бұрын қазақстандықтардың арасында Азамат, Ербол, Данияр, Айгерім, Динара, Айнұр есімдерінің трендте болғанын көрсетеді. Halyq Uni тілшісі ономастика саласында ізденіп жүрген сарапшы Қайыр Рысбаевпен сұқбаттасып, мұндай тенденцияның себебін сұрады.

Оның айтуынша, балаға ат қою халықтың сәнге сүйенуіне байланысты және қоғамның көңіл күйіне байланысты өзгереді.

Осыдан 100-150 жыл бұрын Абай мен Шоқанның заманында молдалар қазақтың балаларына Ибраһим, Мұхаммед-Қанапия деп ат қойған, алайда қазақтар өзінің ұлттық болмысын сақтап қалған. Молдалар қазақша ат беріп, арабтандыруға тырысқанымен, олар қазақша атымен тарихта қалды. Қазан революциясы кезінде дінге қарсы агитация, қудалаушылық болғандықтан, араб есімдері азайып, оның орнына қазақша аттар келе бастады.

Оған қоса еуропалық, орыстың Роза, Аида, Сабина, Албина есімдері енді. Қазақша аттар Кеңес одағы кезінде көбейгенімен, 1991 жылдан бастап қазақтарға діні қайтарыла бастады, алайда дәстүрлі исламға қарсы Арабиядан бізге жат ислам түрлері келе бастады. Соның әсерінен қазақша ат көбейе бастады, - дейді Қайыр Рысбаев.

Айтуынша, Мұхаммед пайғамбардың отбасы мүшелерінің аттары жиі қойыла бастаған. Олардың қатарында Абдолла, Әмина, Хадиша, Айша есімдері бар.

Халық мұсылман болу мен араб болуды шатыстырып алған сияқты. Өйткені мұсылман болу үшін аты арабша болуы міндетті емес. Василий Петер немесе Қасқырбай, Түлкібай болып, намаз оқуға болады. Бұл есімдердің Қазақстанда кең таралуы қазақ тіліне де қауіп төндіреді, - дейді Қайыр Рысбаев.

Толығырақ Halyq Uni видеосынан көріңіз.