Halyq Uni логотип
×

Атышулы «Алтын Орда» базарында тағы да дау туындады

Ол жер өтімді болатындықтан кейбіреулер 1,5 миллион теңге төлейді

 Еркеғали Болатұлы 15.08.2023 | 14:27
Атышулы «Алтын Орда» базарында тағы да дау туындады
фото: видеодан скриншот

Оқу жылы қарсаңында «Алтын Орда» базарында оқу құралдарына байланысты дау туды, деп хабарлады Almaty.tv.

Базар әкімшілігі саудагерлерге төменгі қабатқа (жертөле) көшуді ұсынған. Кәсіпкерлер бұл ұсыныспен келіспейді, өйткені сатып алушылар тұрақты сауда нүктесіне үйреніп қалған.

Мен жертөледе былтырғы қарашадан бастап сауда жасаймын. Содан бері саудам жүрмеді. Жалдау ақысын да, несиені де жаба алмай отырмын. Қарызға баттым. Егер бәрі де жертөлеге көшірілсе және кеңсе керек-жарақтары бір жерден сатылса, мұндай болмас еді, - дейді кәсіпкер Мейрамгүл Төреханова.

Бұл ретте кеңсе тауарларын сатушылардың бір бөлігі жертөлеге көшуге келіскенмен, екінші бөлігі саудасын тұтынушылар әлдеқайда көп жүретін көшеде жалғастырып жатыр.

Бұл адамдардың басты талабы – көшедегі сатушыларды жертөлеге көшіру, сол арқылы барлығын бір жерге біріктіру. Бірақ мәселе мынада, дүңгіршегі көшеде тұрғандар сауда нүктелерін қосалқы жалға беру арқылы қыруар ақша төлеген. Ол жер өтімді болатындықтан кейбіреулер 1,5 миллион теңге төлейді, - дейді заңгер Ізбасар Өтеулин.

Базар әкімшілігі саудаға бірдей жағдай жасау мақсатында кеңсе тауарларын сататындардың барлығын бір жерге біріктіруді жоспарлап отырғандарын қосты. Алайда кәсіпкерлер келісімге келе алмағандықтан, әркім өз орнында қалуға рұқсат етілген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама