Halyq Uni логотип
×

Тіл мәселесі шешілмесе екінші «қаңтар оқиғасы» болуы мүмкін - сарапшы

Қоғам белсендісі тіл мәселесі төңірегінде ой қозғады

 Халық үні 06.05.2022 | 17:59

Белгілі педагог, қоғам белсендісі Аятжан Ахметжан, қазақ тілі мәселесі айналасындағы тартыс екінші «қаңтар» оқиғасын тудыруы мүмкін дейді. Ол бұл туралы ойын Youtube желісіндегі «Сұрауы бар» каналында қазақ тіліне арналған пікірталаста айтқан.

«Қазақ тілін билік енді реттеп бермесе, қазақтілді халыққа тіл мәселесін шешіп бермесе – екінші «қаңтар оқиғасы» осы тіл мәселесіне қатыс болуы әбден мүмкін. Өйткені Қазақстанда демографиялық дүмпуді туғызып отырған үш облыс – Алматы, Түркістан, Маңғыстау облыстарында өзге ұлт жоқ. Үшеуінде де негізінен қазақтілді қауым. Оның сыртында Қызылорда, Атырау, Жамбыл облыстары да бар. Бәрібір қазақтілді қауымның саны күн санап көбейе береді. Оны ешкім тоқтата алмайды», - деді Аятжан Ахметжан.

Тіл жанашыры елімізде ең көп бала туатын өңірлерде орыс тіліне сұраныс жоқ деп есептейді.

«Мысалы, ойлаңыз, Түркістан облысында 510 мың оқушы бар. Петропавлда 75 мың оқушы бар. Сол 75 мың орыс тілін талап етіп сұрауы мүмкін, ал мына жақтан өсіп келе жатқан 510 мың баланың мәселесін шешіп бермесе, қақтығыс болып кетуі мүмкін. Ұлттық қауіпсіздік керек болса бұл мәселені билік шұғыл шешіп беруі керек... Өткенде қанды қаңтарда орысша плакат көтеріп айғайлап жүрген адам көрдіңіздер ме? Жоқ, бәрі қазақ тілділер», - дейді белсенді.

Еске салайық, жақында бір топ ата-ана Елордадағы бір мектепте шу шығарып, орыс сыныбын ашуды талап етті. Ішінде «Путинге хат жазып, шағымданамыз» дегендері де болған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама