Қазақстанда күнбағыс майының литрі мың теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін – сарапшы

Ая Өміртай

Сарапшы экспорт көлемін азайтуды ұсынып отыр

Фото: ашық дереккөз

Мұндай болжамды майлы дақылдарды өңдеушілер ұлттық қауымдастығының төрағасы Ядыкар Ибрагимов жасады. Оның сөзінше, елімізде күнбағыс тұқымы тапшы. 

Өйткені, биыл Шығыс Қазақстан, Абай және Павлодар облыстарында құрғақшылыққа байланысты өнім өткен жылға қарағанда 40 пайызға аз шығуы ықтимал.

Қазір күнбағыс майының бағасы литріне 480-500 теңге. Жағдай ушығатын болса баға 1000 теңгеге дейін жетуі мүмкін. Оған тауарды дүкенге жеткізу құны мен саудагерлердің үстінен қосатын маржасы бар. Елімізде сыртқы нарыққа кетіп жатқан экспортты азайтпасақ, ішкі нарықтағы тапшылыққа ұласып жатыр, - дейді сарапшы Atameken Business телеарнасына берген сұқбатында.