×

Серік Ерғали: «Латын әліпбиіне көшу - мемлекеттің ең үлкен қателігі»

Мәдениеттанушы тіл мәселесі төңірегінде ой қозғады

 Қымбат Елтайқызы 06.05.2022 | 09:22

Латын әліпбиіне көшу идеясынан бас тартып, ескі әдіс кирилицамен жүре беруіміз керек. Белгілі тіл жанашыры Серік Ерғали «Сұрауы бар» Youtube желісіндегі «Сұрауы бар» каналында осындай пікір білдірді. Қоғам белсендісі латын әліпбиіне көшу бастамасы мемлекет басында отырғандардың жіберген ең үлкен қателігі деп есептейді.   

«Енді кирилицада қалу керек. Неге? Өзбектер мен әзірбайжандар қазір жылап отыр. Ұрпақ бөлініп қалды. 7 жастан бастап 30-35-ке дейінгі латынша, одан арғысы бұрынғы кирилицада. Ал бізде қалай? Бізде ұрпақ бөлінеді, Қазақстан екіге бөлінеді. Қазақ, орыстілді болып тағы да бөлінеді. Қазақтілді қазағың да кирилл және латын қаріптерін қолданатындар болып екіге жарылады. Сонда сенің 13 млн қазағыңның латыншамен жазатыны ары кетсе 3-4 млн ғана болады», - дейді Серік Ерғали. 

Айта кетейік, таяуда Нұр-Сұлтандағы №93 мектептен «орыс сыныбын ашып беріңдер» деп бір топ ата-ана шу шығарған болатын. Бұл дауға Мәжіліс депутаттары мен тіл жанашырлары қатысты. Серік Ерғали бұған «орыс тілді қазақ келіндерінің көтерілісі» деп те ат қойып алған.

«Ал енді тілдік орта тарылған кезде «келіндер көтерілісі» емес, «шалдар көтерілісі» пайда болады. Яғни, біз кешіккен нәрсені жасаймыз, тоңғаннан кейін көрпе жамылып керек емес. Тоңбай тұрып жамылу керек», - дейді Серік Ерғали.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама