Halyq Uni логотип
×

Грузия Абхазия мен Оңтүстік Осетияны бейбіт жолмен қайтаратынын мәлімдеді

2008 жылы 8 тамызда Ресейдің қарулы күштері Кавказ Республикасына басып кірді

 Дастан Жұмабекұлы 08.08.2023 | 15:41
Грузия Абхазия мен Оңтүстік Осетияны бейбіт жолмен қайтаратынын мәлімдеді
Фото: ашық дереккөзден біріктірілген

Грузияның премьер-министрі Ираклий Гарибашвили Абхазия мен Оңтүстік Осетияны өз құрамына бейбіт жолмен қайтартару үшін қолда бар мүмкіндіктің бәрін жасайтынын мәлімдеді.

2008 жылы тамыз айында басталған соғыстан бері, міне, аттай 15 жыл да өте шықты. Бұл күнді біз ешқашан ұмытпаймыз. Осы күннен бастап Ресей басқыншыларының кесірінен бейбіт тұрғындар бас сауғалап, өз үйлерін тастап кетті. Ал біздің территориямыз уақытша оккупацияда қалды. Бүгін біз соғыста қаза тапқан әскерилеріміздің ерлігін еске аламыз. 8 тамыздағы қасірет ешқашан ұмытылмайды. Ол Грузия тарихындағы ақтаңдақ беттердің бірі болып қала береді, – деді Ираклий Гарибашвили.

Оның айтуынша, күндердің бір күнінде оккупациядағы Абхазия мен Оңтүстік Осетия Грузияның құрамына қайтып қосылады. Осы мақсатта Үкімет елдің бірлігі мен территория тұтастығы үшін қолда бар мүмкіндіктің бәрін жасап келеді.

Еске сала кетсек, 2008 жылы 8 тамызда Ресейдің қарулы күштері Грузияның Абхазия мен Оңтүстік Осетия Республикаларына РФ азаматтарын қорғаймыз деген сылтаумен басып кіріп, кейін олардың егемендігі мен тәуелсіздігін мойындады. Ал Грузия бұл аумақтардың тәуелсіздігін мойындаған жоқ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама