×

«Парақшасын бір жеріне тығып қойсын» дегенім үшін кешірім сұраймын - әкім

Оның эфирден тыс айтқан сөздерін желіге қосылып отырғандар түгел естіп қойды

 Еркеғали Болатұлы 08.08.2023 | 12:17
фото: видеодан скриншот

Щучинск қаласының әкімі Олжас Нұрмағамбетов Instagram-дағы парақшасына жанжалға себеп болған баяндамасының толық видеосын жариялады. Ол сол сәттегі балағат сөзді халықтың атына емес, парақшаға байланысты айтқанын жеткізді.

Айта кетсек, 2 тамызда Олжас Нұрмағамбетовтің тікелей эфирі дау тудырған болатын. Ол тікелей эфирді аяқтай салып, өшіруді ұмытып кеткен. Ал оның эфирден тыс айтқан сөздерін желіге қосылып отырғандар түгел естіп қойды.

Ауыр айыптаудан кейін әкім оның барлығын теріске шығарды. Ал Бурабай ауданы әкімдігінде олар, тіпті, жиналғандар тарапынан сұрақ болмағанын мәлімдеді.

Бұл бейнежазбада тұрғындардың атына әдепсіз (ұятсыз) жазылған бірде-бір сөз жоқ. «... өзінің парақшасын бір жеріне тығып қойсын» деген сөздер үшін кешірім сұраймын. Міне, эфир осылай өтті, құрметті достар, - деп жазды Щучинск қаласының әкімі Олжас Нұрмағамбетов.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама