Оған Димаш Құдайбергеннің шетелдегі жанкүйерлері де пікір қалдырған
Сәкен Әлімхан атты жігіт Instagam-дағы парақшасына Игорь Крутойдың «Любовь уставших лебедей» атты танымал, жоғары ноталы әнін орындаған өз видеосын жариялады.
Димаш Құдайбергеннің даусынан аумайтын ерекше орындауға көпшілік тәнті болып, оған жылы лебіздерін білдіріп жатыр.
Пікір жазғандардың көбі бұл әнді Диша Құдайбергеннен кейін жоғары деңгейде орындаған осы жігіт деп бағалаған.
Бұл Игорь Крутойдың әнін ең алғаш француз әншісі Лара Фабиан орындаған. Одан кейін Димаш Құдайберген, енді міне, бұл ән сізге де өз берекесін, шаттығын, Алланың көмегі мен нұрын төксін, Сәкен мырза! Тілектеспіз!» - деп жазды желі қолданушылардың бірі.
Сондай-ақ Сәкен Әлімханның ән шырқауына Димаш Құдайбергеннің шетелдегі жанкүйерлері де пікір қалдырған.