«Оның ақысын жеді»: Трамп Головкин мен «Канелоның» жекпе-жегі туралы (ВИДЕО)
Реферилердің шешімі менің жүрегімді қақ айырды. Оның да жүрегін ауыртты, - деді ол
АҚШ-тың экс-президенті Дональд Трамп UFC ұйымының YouTube-тегі арнасына берген сұхбатында боксшылар Геннадий Головкин мен Сауль «Канело» Альварестің жекпе-жегіндегі төрешілердің әділетсіздігі туралы айтты. Сосын ол қазақстандық былғары қолғап шеберімен қалай танысқанын да айтып берді.
Сұхбатта YouTube-тегі арнасының жүргізушісі Джим Нортонның: «Төрешілердің шешімі әділ болды ма?», деген сұрағына Трамп: «Білесіз бе, оның (Головкин, - ред.) басқа боксшылардан айырмашылығы көрініп тұрды. Мен оның жекпе-жегін қарап жүрдім. Чемпион болғанында қуанатынмын. Бірақ оның кейбір жекпе-жектері... Кімге қарсы екенін айту маңызды емес. Ол туралы айтқым келмейді... Қысқасы, Головкиннің ақысын жеді. Рингте жақсы бокстасып жүріп, өз жеңе алмады. Реферилердің шешімі менің жүрегімді қақ айырды. Оның да жүрегін ауыртты. Ол жігіт тамаша боксшы еді, – деді ол «Канеломен» жекпе-жекте төрешілердің шешіміне өкініп.
Трапмтың айтуынша, Головкин сияқты боксшылар көп емес. Головкин – қарапайым боксшы. Сол үшін ол қазақстандық спортшының боксын тамашалап, «Канеломен» жекпе-жегін әдейі көруге барған.
Ол кезде Мар-а-Лагода (Трамптың Флорида штатындағы жеке резиденциясы, - ред.) едім. Бұл жерде керіліп-созылып, өздерін биік ұстайтын өте кербез адамдар тұрады. Осы көршілерімнің арасында осы жігіт, GGG болды. Ол уақытта Головкин туралы әлі ештеңе естімеген едім. Оны көре сала спортшы екенін түсіндім. Ол маған келді де: «Менің атым Геннадий Головкин, GGG. Мен Мэдисон-сквер-гарденде айқасамын», деді. Сол жерде оынмен танысып, өзіме қызық болған соң, жекпе-жегін көруге бардым, – деді экс-президент.
Сұхбатта интервьюрер Трамптың төрешілердің әділетсіздігі туралы пікірімен келісіп, өз ойын да айтты.
Шынында да мұндай қазылардан кейін боксты қайта көргің келмейді екен, – деп ол да өкінішін білдірді.
Трамптың Головкин туралы айтқанын 26-минуттан бастап көруге болады.