Halyq Uni логотип
×

Павлодар облысының әкімі төбелестен зардап шеккендердің жағдайын бақылауға алады

Мұндай оқиғалар үйреншікті жағдайға айналмауы керек, - деді ол

 Дастан Жұмабекұлы 02.08.2023 | 09:51
Павлодар облысының әкімі төбелестен зардап шеккендердің жағдайын бақылауға алады
Фото: ашық дереккөз

Павлодар облысының әкімі Асайын Байқанов өңір орталығында төбелес кезінде зардап шеккен жасөспірімнің отбасына жан-жақты көмек көрсетуді тапсырды.

Бұл туралы ол  Instagram-дағы парақшасында хабарлады.

Бүгін мен аппараттық жиналыстың жабық бөлігінде Павлодар қаласында оқушыны жабылып ұрып-соғу оқиғасы бойынша сұрақты қозғадым. Ата-ана ретінде мен бұған бей-жай қарай алмадым, сондықтан, полиция департаменті мен облыстың білім басқармасының басшылығына орын алған жағдайды тергеу барысымен мені хабардар етіп отыруды тапсырдым. Жиналыстан кейін күдіктілер мен зардап шеккен балалар оқитын мектептердің біріне барып, педагогтармен сөйлестім, мемлекеттік органдарға зардап шеккен баланың отбасына жан-жақты көмек көрсетуді тапсырдым. Мұндай фактілер біздің қоғамда үйреншікті жағдайға айналмауы керек. Ондай жағдайларды түбімен жою, балаларды мейірімділікке, адалдыққа және әділеттілікке тәрбиелеу – біздің басты міндетіміз, – деді Асайын Байқанов.

Еске сала кетсек, 24 шілдеде кешкі сағат 20.30-да Павлодар көшелерінің бірінде төбелес болған еді. Содан 14 жастағы жасөспірім зардап шешіп, облыстық балалар ауруханасына жеткізілген болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама