Дипломат СҚО әкімшілік орталығын Абылай хан қаласы деп атау туралы ұсыныс жасады
Қазақстанның Египеттегі төтенше және өкілетті елшісі Қайрат Лама Шариф елдегі саяси және экономикалық реформалар жөнінде пікір білдіріп, алдағы референдум әділетті өтетініне сенім білдірді.
«Байырғы қазақ жерiнде мемлекеттiлiк құра отырып», деп басталатын Ата Заңымызға сүбелі өзгерістер енгізіледі. Қолданыстағы Конституцияның 2-бабында кең байтақ еліміз - біртұтас мемлекет деп жазылған. Сондықтан бүкілхалықтық референдум арқылы Конституцияға «әкімшілік-аймақтық өңірлер» деген жаңа бап қосып, отаршыл Патшалық Ресей мен Кеңес Одағы мәжбүрлеп енгізген елді мекендердің даулы атауларынан біржолата құтылуға болады», - деп жазды Қайрат Лама Шариф.
Мысырдағы елші алдымен «облыс» сөзі қазақ тіліне орыс тілінен енген кірме сөз екенін мойындап, мемлекет тілінің тазалығын сақтау үшін әкімшілік-аймақтық құрылымды «өңір» деп жазуды ұсынды.
Біртұтас, яғни оңтүстігі мен солтүстігі, шығысы мен батысы бар төрт құбыласы тең унитарлы мемлекетіміздің әкімшілік-аймақтық құрылымына қатысты Ата заңымыздың жаңа бабына келесі ұсыныстар енгіземін: