Halyq Uni логотип
×

«Ақтөбе» ресейлік басшысының кесірінен Грузияға ұша алмады

Команда Кутаисиге бір күн бара алмай, өз алаңында жаттығуға мәжбүр болды

 Дастан Жұмабекұлы 27.07.2023 | 12:20
«Ақтөбе» ресейлік басшысының кесірінен Грузияға ұша алмады
Фото: ашық дереккөз

Қазақстан футбол кеңістігінде келеңсіз оқиға болды. Мұндай оқиға еліміз тәуелсіздік алған кезден бері әлі болып көрген жоқ.

Кеше «Ақтөбе» футбол клубы Конференция лигасында Грузияның «Торпедо» командасымен ойнау үшін Кутаиси қаласына бір күн ерте барып, жаттығуы керек еді. Бірақ Ақтөбе қаласының бас командасы Кавказ еліне уақытында бара алмады. Осы мәселе әлеуметтік желіде кеңінен тарап, жанкүйерлердің наразылығын тудырды.

Белгілі блогер әрі футбол жанкүйері Аршат Оразовтың айтуынша, Грузия жағы «Ақтөбе» футбол клубы Ресейдің Тула қаласы арқылы ұшып келетін ұшаққа рұқсат бермепті. Өйткені, ұшақ Ресейдікі, ал РФ-ның ұшақтарына Грузияда ұшуға рұқсат берілмеген.  

Чартерді «Ақтөбе» клубы Ресейдің Тула қаласынан жалдаған екен. Неге Тула? Өйткені, бір ай бұрын «Ақтөбенің» жаңа басшысы Куленко деген кісі Туладан келді.

Енді басқа ұшақпен барады. Дұрыс жаттығатын уақыты болмайды. Фаворит болған матчтан жеңіліп шықса, тіпті ұят болайын деп тұр, –  деді ол.

Әлеуметтік желіде «Ақтөбе» сырт алаңда «Торпедодан» жеңілетін болса, оған Сергей Куленконың кәнілі болатыны айтылып жатыр.  Себебі, ол өзі басшылық ететін команданың режимін бұзған. Команда Грузияға ұшу үшін Ресейдің Тула қаласының чартеріне тапсырыс берген. Сол себептен Грузия санкцияға ұшыраған елдің ұшағын қабылдаудан бас тартқан.

Енді рейс бүгінге қалды. Бүгін командалар Астана уақытымен сағат 23.00-де жасыл алаңға шығуы тиіс. Матч Qazsport арнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Блогердің айтуынша, негізі командалар сырттағы ойынға бір күн бұрын барып, жаттығу өткізеді. Сөйтіп, алаңға үйренеді. Ал Суперпро командалар адаптация үшін 2-3 күн бұрын барады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама