Орыс тілінен емтихан тапсыру да міндетті
Ресейде еңбек мигранттарына талап күшейтіледі. Өйткені көрші елде биыл 6 айда шетелдік жұмысшылар 22 мыңнан аса қылмыс жасаған. Бұл – өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, 6,3 пайызға артық көрсеткіш.
Енді шетелдік азаматтар үшін жаңа ережелер енгізіледі. Яғни Ресейде жұмыс істеуге рұқсат алу үшін тұрақты және заңды табыс көзінің болуын растайтын құжаттар талап етіледі. Сондай-ақ орыс тілінен емтихан тапсыру да міндетті, бірге келетін отбасы мүшелерінің саны да шектеулі.
Жалпы, биыл маусым айында Ресейден 7 мыңнан аса еңбек мигранты депортацияланған.
Соңғы жылда 140 мыңнан аса еңбек мигрантына Ресейге кіруге тыйым салынған. Басым бөлігінің тұрғылықты мекен-жайы бойынша тіркеуінің мерзімі өтіп кеткен. Сондай-ақ әкімшілік құқықбұзғандар да көп.
Алайда еңбек мигранттарының тіркеуге тұруы қиын екені жасырын емес. Себебі міндетті түрде қарсы алушы тарап болуға тиіс. Бұл мәселе қайта қаралуы керек деп ойлаймын», - дейді сарапшы Вадим Коженов.