Halyq Uni логотип
×

Қазақстан Донбасқа бітімгерлік күш жіберу мәселесін қарастырып жатыр ма?

Бұл сауалға Қорғаныс министрінің орынбасары жауап берді

 Айнұр Шошаева 03.05.2022 | 14:21
Қазақстан Донбасқа бітімгерлік күш жіберу мәселесін қарастырып жатыр ма?
көрнекі фото: бітімгершілік оқу-жаттығу, 2020 жыл

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы шеңберінде Донбасқа бітімгерлік күш жіберу туралы келіссөздер жүргізіліп жатқан жоқ. Бұл туралы Қорғаныс министрінің орынбасары, генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдинов мәлімдеді.

«Бұл сұрақ барша Қазақстан қоғамын мазалайтыны сөзсіз. Әсіресе, қазіргі геосаяси жағдайға байланысты өзекті. Біздің Қарулы күштеріміздің мемлекетімізден тыс қолданыстарының барлығы  және Қарулы күштерді бітімгершілік операцияларында нормативтік тұрғыдан бекітілген қолдану БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің қарары бойынша ғана жүзеге асырылады», - деді Сұлтан Камалетдинов.

Оның сөзінше, қазақстандық бітімгерлер тек Парламент мақұлдаған соң ғана жіберілуі мүмкін.

«Осы қарардың негізінде Мемлекет басшысы Парламент алдында ұсыныс жасайды және тек қана Парламент мақұлдағаннан кейін Қарулы күштерді қолдану мүмкін. Бірақ қазір бұл мәселе бойынша келіссөздер қарастырылып жатқан жоқ, ешқандай келіссөздер жүргізілмеді», - деп толықтырды вице-министр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама