ПСЖ Килианды жапоняда өтетін оқу-жаттығу жиындарынан шетету туралы шешім қабылдады
Белгілі футбол инсайдері Фабрицио Романо ПСЖ-ның жұлдызды шабуылшысы Килиан Мбаппені трансферге шығарғанын мәлімдеді.
ПСЖ Мбаппені бүгіннен бастап сатуды қарастырып жатыр. Клуб Мбаппенің 2024 жылы келісімшарты аяқталғаннан кейін тегін кеткенін қаламайды. Алайда француз ойыншысы Аль Хелайфидің көпшілік алдында айтқан мәлімдемесіне қарамастан, өз болашағы туралы әлі ештеңе айтқан жоқ. Сонымен қатар ПСЖ Килианды жапоняда өтетін оқу-жаттығу жиындарынан шетету туралы шешім қабылдады, - деп жазды Романо өзінің Twitter-дегі парақшасына.
Қазір Мбаппенің ПСЖ-мен 2024 жылдың маусымына дейін келісімшарты бар. Бұған дейін оның еркін агент ретінде кетуі Париж клубы үшін күрделі қаржылық мәселелерге әкелуі мүмкін екендігі туралы хабарланған болатын.