Halyq Uni логотип
×

Астанадағы пантеонға жылына 110 млн теңге бөлінеді - депутат

Ол – салыстырмалы түрде ел үшін маңызы зор ірі жобаларға бөлінетін қаржымен бірдей

 Еркеғали Болатұлы 20.07.2023 | 15:00
Астанадағы пантеонға жылына 110 млн теңге бөлінеді - депутат
фото: дереккөз

Қоғам белсендісі Ерлан Сәкенов Астанадағы Ұлттық пантеоннан түсірілген фотосуреттерін бөлісті. Айтуынша, бұған дейін онда 4 орын қалды деп мәлімделген, бірақ бос жер көп екен.

Шенеуніктер мен танымал адамдардың элиталы қабірлерін баптап, жанынан гүл өсіріп, топырағын қопсытып тұрады. Бірақ мұнда келушілер жоқтың қасы. Мұның бәрі – бюджет қаражатынан, – деді Ерлан Сәкенов.

Ал Мәжіліс депутаты, журналист Сергей Пономарев пантеонда тек Қазақстан тарихына үлес қосып, артына өшпес із қалдырғандар жерленеді деп жоспарланғанын атап өтті.

Тек ұлы тұлғалар жерленетін пантеон лезде толып кеткен. Жыл сайын пантеон үшін бөлінетін 110 миллион теңге нақты не нәрсеге жұмсалады? Қазақстанда қаржы жетпей жатқан қаншама жоба бар. Бюджетті үнемдеу үшін бұл шығынды қайта қарастыруды ұсынамын, – деді депутат.

Ол салыстырмалы түрде ірі жобаларға сонымен бірдей ақша бөлінетінін алға тартты. Сондықтан пантеондарға сонша қаржы жұмсалатынына наразы.

«Жоғары сейсмикалық аймақта жүзден аса ғалым жұмыс істейтін академиялық сейсмология институтына жыл сайын 115 миллион теңге бөлінеді. Жүздеген мың халықтың тағдыры мен қауіпсіздігі осы адамдардың қолында. Алматының шетіндегі «Алатау» шағын ауданына жаңа бассейні бар спорт орталығына 140 миллион теңге бөлінген. Бұл – ауыл-аймақтағы жүздеген баланың болашағы», – деді ол Сергей Пономарев.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама