Алматы қаласының прокуратурасы да тексеру жұмыстарын бастады
Мәжіліс депутаты Нұргүл Тау «Арман дала» балалар лагеріне бюджеттен 107,8 млн теңге бөлінгенін айтты.
Ол кеше сауна аумағында орналасқан лагерьде болған. Айтуынша, онда балалардың демалуына жағдай жасалмаған, өрескел заңбұзушылықтарға жол берілген.
Қызмет көрсетуші – «БелРичи» ЖШС. Мемлекеттік сатып алу туралы шартқа сәйкес, қызмет көрсету құны – 107,8 миллион теңге. Жоспар бойынша, 1 150 бала жазғы демалыспен қамтылуға тиіс, - деп жазды депутат Instagram-дағы парақшасына.
Еске сала кетсек, биыл Алматыдағы әлеуметтік осал топтағы отбасылардың балалары лагерге тегін жолдама алған болатын. Алайда олар сауна ғимаратына орналастырылған.
Енді білім басқармасы балалардың демалысын ұйымдастырғаны үшін жосықсыз қызмет көрсетушілерді сотқа бермек. Алматы қаласының прокуратурасы да тексеру жұмыстарын бастады.