Маман ойынқұмарларлыққа жиі түсетін қызмет иелерін айтып берді
Ойынқұмарлар ақша табу үшін көбіне мүліктік қылмыс жасайды. Өйткені, нашақорлардың тәуелді заты есірткі болса, ойынқұмарларда – ақша. Психолог Серікгүл Сәли қандай қызметтегі адамдардың ойынқұмарлыққа жиі түсетінін айтып берді.
Бірлесіп ұрлық жасау, алдау-арбау, т.б. Бұлар өте мықты логикалық ойлау қабілетіне ие. Бұлар өтірік айтқанда, еріксіз сенесің. Өйткені, тоқтаусыз ойластырады. Басқалар олай айта алмайды, өйткені өтірігінде логика болмайды. Сол себепті де өте көп қылмыс жасайды, – дейді маман.
Оның сөзінше, олардың арасында банк қызметкерлері, әскери қызметкерлер, корпорация мен фирмаларда қаражат ұстайтын орындардағы қызметкерлер, беделді компаниялардың кадр бөлімі қызметкерлері (жұртты жұмысқа кіргізем деп алаяқтықпен миллиондап ақша алушылар), т. б. бар.
Сондай-ақ, танымал тұлғалардың да тым жиі келетінін айтады. Бірақ анонимділік өте қатаң сақталады.
Мысалы, қандай танымал, ел танитын тұлғалар менің алдымда жатыр, келіп жатқан да. Бірақ айтпаймын, өзімнің күйеуіме де – ешкімге айтпаймын. Өйткені, оны ел таниды. Танымайтындары да келеді, жоғары жақтан да келеді, – дейді психолог.