Halyq Uni логотип
×

Сайлауға қатыспаған сайлаушыларға айыппұл салу керек – қырғыз депутаты

124 908 сайлаушының 17 423-і ғана дауыс берген

 Еркеғали Болатұлы 14.07.2023 | 13:55
Сайлауға қатыспаған сайлаушыларға айыппұл салу керек – қырғыз депутаты
фото: today.kg

Депутат Тазабек Икрамов Қырғызстан азаматтарын елде өтіп жатқан президент пен Жогорку кенеш депутаттарын сайлауға қатысуға міндеттеуді ұсынды.

Ол Бішкектің Ленин бір мандатты сайлау округіндегі бір мандат сайлауына шамамен 15,5 миллион сом жұмсалғанын атап өтті. Алайда сайлауға тіркелген 124 908 сайлаушының 17 423-і ғана, яғни 13,95%-ы ғана дауыс берген.

Депутаттың айтуынша, көптеген елде сайлауға дәлелді себепсіз қатыспаған азаматтарды жауапқа тарту тәжірибесі бар және бұл олардың сайлауға қатысуына ықпал етеді.

Сайлауға сайлаушылардың көпшілігінің келмеуі Қырғыз Республикасының Конституциясында бекітілген демократияның негізгі қағидасын бұзуға және республикалық бюджет қаражатын негізсіз ысырап етуге әкеп соғуы мүмкін. Осыған байланысты қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізу қажет, - деді Тазабек Икрамов.

Сондай-ақ ол билікке міндеттемені орындамаған жеке тұлғаларға 50 айлық есептік көрсеткіш (25 мың теңге) көлемінде айыппұл салуды ұсынды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама