Өткен жылғы финалмен салыстырғанда, қарсыласым жақсы ойнады, - деді ол
Теннисші Елена Рыбакина өзінің Уимблдон турниріндегі кешегі жеңілісі туралы айтып берді.
Оның айтуынша, тунистік Онс Жабермен ширек финалдағы матч қиын болған.
Ойын қиын болды. Оны жасыра алмаймын. Матчта жанкүйерлер қарсыласымды көп қолдады. Ол маған әсер еткен жоқ. Мен оған назар аудармадым. Өткен жылғы финалмен салыстырғанда, қарсыласым жақсы ойнады. Өзімде де, әсіресе, екінші сетте көптеген мүмкіндіктер болды. Алайда доп берудегі дәлдігім жетіспеді. Бұл менің басты қаруым еді. Сол кезде ол шешуші сәттерде өте дәл доп беріп, ойнады, – деді ол.
Сонымен бірге ол алғашқы матчтарын жақсы өткізгеніне қуанатынын, өйткені солардың өзі оңай болмағанын айтты.
Әр ойын сайын күш жинадым. Енді Америкадағы турнирлерге дайындалуым керек. Осы екі аптадан жақсы тәжірибе жинадым. Биыл ата-анамның осында келе алғанына қуаныштымын. Аздап демалып, сосын дайындыққа кірісемін, – деді Рыбакина.
Дегенмен Уимблдон турнирінде жеңіліп қалса да Рыбакина Лондондағы екі апта уақытын өте жақсы өткізгенін жасырмады.