Букмекерлік кеңселерді бақылаусыз жарнамалау дәуірі өткенге айналуы керек – Асхат Оралов
Министр тез арада заңға өзгерістер енгізу керегін айтты
Мәдениет және спорт министрлігінде ойын бизнесі мәселелерін талқыладық. Күн тәртібіндегі басты тақырып - лудоманиямен күрес.
Мәдениет және спорт министрі Асхат Ораловтың айтуынша, ведомство жанынан заңға өзгерістер енгізу үшін жұмыс тобы құрылып, белсенді жұмыс атқарып жатыр.
«Бүгінгі таңда қала көшелеріне қарайтын болсақ, елордадан бастап шалғайдағы ауылға дейін әрбір көшеде билбордтар, баннерлерде құмар ойындардың жарнамасы тұр. Ешқандай тәртіп жоқ. Сондықтан бұның бәрін тоқтатуымыз қажет. Букмекерлік кеңселерді бақылаусыз жарнамалау дәуірі өткенге айналуы керек», - деп жазы министр.
Асхат Оралов қажет болса арнайы бұйрықтарға, заңға да өзгерістер енгізу керегін айтты.
Бұл мәселені шешуді созбай, тез арада шешім қабылдауымыз маңызды. Осы бағыттағы жұмысты күшейтуіміз керек, - деп жазды министр.