Halyq Uni логотип
×

Қазақстанға қарсы cөйлеген ресейлік депутаттардың сөзіне мән бермейміз – СІМ

Сыртқы саясатқа тек Кремль жауап береді

 Дәурен Ерболат 10.07.2023 | 17:33
Қазақстанға қарсы cөйлеген ресейлік депутаттардың сөзіне мән бермейміз – СІМ
фото: ашық дереккөз

Біз Қазақстанға қарсы сөйлеген Ресей депутаттарының сөзіне мән бермейміз. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

СІМ-де өтіп жатқан баспасөз мәслихатында журналист ресми өкілге сұрақ қойды.

Ресейдің Виктор Соболев деген депутаты Қазақстанда русофобия бар деген пікір білдірді. Ол Украинадағы соғыс аяқталғаннан кейін осы мәселені қолға алу керектігін айтты. Осындай ресми тұлғалардың Қазақстандағы русофобияға қатысты мәлімдемесі көбейіп бара жатыр. Бұл Ресейде казахофобияны тудырмай ма? Сыртқы істер министрлігі осындай мәлімдемелердің тоқтаусыз болып жатқанына алаңдамай ма? - деді БАҚ өкілі.

Айбек Смадияров сұрақтың орынды екенін атап өтті.

«Біз (ресейлік) депутаттардың мұндай сөздеріне мониторинг жүргіземіз. Енді бұрында да айтқанмын. Қазақстанға қатысты сыртқы саясатты тек Кремль мен Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрлігі жүргізеді. Біз мұндай бос сөздерге аса мән бере бермейміз. Бірақ біз (мұны) өзімізге ақпарат ретінде белгілеп отырамыз», - деді ресми өкіл.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама