Halyq Uni логотип
×

Қазақстанда ҰОС ардагерлеріне берілетін бір реттік жәрдемақы мөлшері Ресейден 17 есе артық

Ресейде ҰОС ардагеріне 10 мың рубльден беріліп келеді

 Ербол Тұрымбет 28.04.2022 | 16:13
Қазақстанда ҰОС ардагерлеріне берілетін бір реттік жәрдемақы мөлшері Ресейден 17 есе артық
көрнекі фото: sputnik.kz

Ресейлік публицист, қоғам белсендісі Михаил Ходорковский Қазақстан мен Ресейде Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне көрсетіліп жатқан бір реттік көмектің айырмашылығы 17 есе екенін айтып, РФ президенті Владимир Путинді сынады.

Биыл 9 мамыр қарсаңында ҰОС ардагерлеріне беріліп жатқан төлем: Ресейде 10 мың рубль, Қазақстанда 165 мың рубль. Өйткені, Қазақстанда ХХ ғасырдағы қанқұйлы соғыстың ардагерлеріне көмек беріп жатыр, ал Путин ардагерлердің атын жамылып ХХІ ғасырдағы қисынсыз (тупейший) соғысқа триллиондар жұмсап жатыр, - деп жазды ол.

Айта кетейік, биыл Нұр-Сұлтан мен Алматы, Шымкент қалаларында ҰОС ардагерлеріне миллион теңгеден берілсе, Ақтөбе облысында 2 млн теңгеден берілетін болып шешілді. Одан бөлек, ардагерлерге теңестірілген жандарға да арнайы төлем қарастырылған. Ақтөбе облысының осындай санаттағы тұрғындарға 50 мыңнан 100 мың теңгеге дейін беріледі. Сондай-ақ, олардың коммуналдық төлемдері жергілікті бюджет есебінен өтелмек. Ал ШҚО-дағы ҰОС ардагерлеріне 1,5 миллион теңгеден үлестірілмек.

Ал Ресейде ҰОС ардагерлеріне биыл 10 мың рубльден (шамамен 60 мың теңге) бір реттік жәрдемақы беріледі. Ресей үкіметінің бұл шешімі талай жылдан бері халықтың сынына ұшыраса да, олар осы әдетінен таяр емес. Жылда 10 мың рубльден беріп келеді. Тек 2020 жылы ғана Жеңістің 75 жылдығына орай тыл ардагерлеріне 50 мыңнан, соғыс ардагерлеріне 75 мыңнан үлестірген.

Еске салсақ, ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, қазір Қазақстанда Ұлы Отан соғысына қатысқан 387 ардагер тұрады. Бір жыл бұрын елімізде Ұлы Отан соғысының 665 ардагері мен соғыс кезінде мүгедек болған адам тұрған. Осылайша олардың саны бір жылда 278 адамға азайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама