Halyq Uni логотип
×

Ердоған Украинаның НАТО-ға мүше болуына қатысты пікір білдірді

Ол елдің қалпына келуіне Түркия құрылыс компаниялары көмектеседі

 Еркеғали Болатұлы 08.07.2023 | 12:21
Ердоған Украинаның НАТО-ға мүше болуына қатысты пікір білдірді
фото: nachedeu.com

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған президент Украина президенті Владимир Зеленскиймен бірге өткен брифингтен кейін Украинаның НАТО-ға мүше болуға лайық екенін айтты.

Украинаның НАТО-ға мүше болуға лайық екені сөзсіз. Алдарыңызда тұрып бір нәрсені қайталап айтқым келеді: әділ бейбітшілік орнатылса, ешкім ұтылмайды, - деді Түркия президенті.

Сондай-ақ ол Украинаның қалпына келуіне Түркия құрылыс компанияларының да көмектесетінін жеткізді.

Айта кетсек, Ердоған мен Зеленскийдің кездесуі кеше Ыстамбұлда өткен болатын. Екі ел басшысы Украинадағы жағдайды, сондай-ақ 17 шілдеде мерзімі аяқталатын астық туралы келісімшартты ұзарту мәселесін талқылады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама