Halyq Uni логотип
×

Түнгі атыс-шабыс: ҰҚК видеоға түсініктеме берді

Желіде түнде бірнеше адамның атысқан видеосы тарады

 Халық үні 26.04.2022 | 10:00
Түнгі атыс-шабыс: ҰҚК видеоға түсініктеме берді
фото: ашық дереккөзден

Ұлттық қауіпсіздік комитеті БАҚ-та жарияланған атыс бейнекадрлары туралы мәлімдеме жасады.

Әлеуметтік желілерде тараған қарулы адамдардың атысқан бейнекадрлары 2022 жылғы қаңтардың 5-інен 6-сына қараған түні Таразда түсірілген. Онда саны 350 адамға жететін топ атыс қаруын қолданып, Жамбыл облыстық ҰҚК департаментін басып алғысы келген. Қорғаныс барысында департаменттің терроризмге қарсы орталығының бөлім бастығы, подполковник Дастан Әділбай атыс жарақатынан қаза тапты, – деді комитет.

Қазір осы фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр.

2 қаңтарда Жаңаөзенде басталған наразылық акциясы басқа қалаларда да жалғасты. 4 қаңтарда Алматы қаласында басталған митингтің ертеңі дүрбелеңге, қанды оқиғаға ұласты. Осы жағдайға байланысты барлық аймақта төтенше жағдай режимі енгізіліп, президент Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымына мүше мемлекет басшыларынан террорлық сын-қатерді еңсеруде көмек сұрады. Тоқаев «Алматыға 20 мың террорист шабуылдады» деген пікір айтты. Жаппай тәртіпсіздік салдарынан бейбіт тұрғындар, күш құрылымдары қызметкерлері көз жұмып, жарақаттанды. Ғимараттар, көліктер қиратылып, бизнес зардап шекті. Қазір бірқатар шенеунік ұсталып, билікте ауыс-түйіс жүріп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама