Ахметов Шығыс Қазақстан облысы әкімі лауазымынан босатылды
Шығыс Қазақстан облысы әкімі қызметінен босатылған Даниал Ахметов желіде жазба жариялап, тұрғындарға алғыс айтты, деп хабарлайды Halyq Uni.
«Құрметті жерлестер! Бірнеше жыл бойы біз Шығыс Қазақстан облысының жоспарлы және серпінді әлеуметтік-экономикалық дамуы, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру сияқты ортақ мақсат-мүддені көздеп, бірге етене жұмыс істедік. Сіздермен жұмыс істеу мен үшін үлкен мәртебе болды. Және жұмысында басты қағидаттарды ұстанған, яғни адамдарды есту, негізгі бағыттарын президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев айқындаған мемлекеттік саясатты тиімді іске асырудағы командамның бір бөлігі болғандарыңызға қуаныштымын», - деп жазды Ахметов әлеуметтік желідегі парақшасында.
Даниал Ахметов облыс тұрғындарына сәттілік тіледі.
Біз бірге көп нәрсеге қол жеткіздік. Сіздермен жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болғанымды мақтан тұтамын, үнемі көрсеткен баға жетпес еңбектеріңіз бен күш-жігерлеріңіз үшін алғыс айтамын. Сіздер Шығыс Қазақстан облысы мен жалпы республиканың өркендеуі үшін табысты жұмысты жалғастыруға ықпал ететіндеріңізге сенімдімін. Алдағы уақытта да Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарының игілігі үшін тың жобалар мен идеяларды батыл іске асыруларыңызға шын жүректен тілектеспін!, - деп түйіндеді ол.
Айта кетейік, Даниал Ахметов 2023 жылдың 16 маусымында Шығыс Қазақстан облысы әкімі қызметінен босатылды. Ол бұл қызметті 2014 жылдан бері атқарды.
Шығыс Қазақстан облысына Ермек Көшербаев әкім болып тағайындалды.