Қазақстан ұлттық құрамасының тұрақты қақпашысы Игорь Шацкий ұстанымдары туралы айтты
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының тұрақты қақпашысы және «Олимпбет» елшісі Игорь Шацкий ұлттық құрамадағы көңіл күй, чемпионаттағы өнері және бәсекелестіктегі өз ұстанымдары туралы айтты.
– Игорь, көңіл күйіңіз қалай? «Ақтөбемен» ойында жарақат алып қалғаныңызды көрдік. Қазақстан құрамасының Сан-Марино мен Солтүстік Ирландияға қарсы іріктеу матчтарына дейін толық жазылып үлгересіз бе?
– Рахмет, мен өзімді керемет сезінемін! Доп үшін жәй ғана сұмдық тартыс болды, қарсылас команданың ойыншысы шынтағымен қабырғамды соғып кетті, қорқынышты ештеңе бола қойған жоқ. Негізінде, «Тобылға» қарсы Қазақстан Olimpbet – Кубогының ширек финалдық қарымта кездесуіне дайын едім. Жаттықтырушылар осы ойынды өткізіп алғанымды өзіме жақсы болар деп шешті.
– Біздің ұлттық құрама сырт алаңда екі ойынға қандай көңіл-күймен шығып жатыр?
– Өте жақсы! Көңіл күйіміз керемет! Сан-Марино мен Солтүстік Ирландияға қарсы матчтарда ең жақсы өнерімізді көрсетіп, біз үшін оң нәтижеге қол жеткіземіз деген үміттеміз.
– Сан-Мариномен кездесу өтетін Пармада, Белфастта қазақстандықтар табиғи алаңда ойнайды. «Астана Аренаның» жасанды алаңында қонақ күтуге дағдыланған командамыз үшін бұл плюс пе, минус па?
– Менің ойымша, табиғи алаңдар біз үшін плюс те, минус та емес. Қазақстан командасы екеуінде де ойнай береді. Біз үшін бір орыннан екінші орынға ауысу әдеттегі нәрсе, ал келесі матчтарға тек табиғи жасыл алаңда дайындаламыз. Біз мұны әдеттегідей қабылдаймыз, бәріне бейімделеміз.
– Еуро-2024 іріктеу кезеңінің сәтті өткен матчтары үшін құрамаға сыйақылар қарастырылған ба?
– Бұл туралы федерация басшылығы жиналыста бізге хабарлауы керек. Егер сыйақы берілсе, бұл біздің командаға қосымша мотивация болар еді. Бірақ олай болмаса да, бұл біздің көңіл күйімізге ешқандай әсер етпейді. Біз жасыл алаңға шығып, өзіміздің қолымыздан келгеннің барлығын жасаймыз. Сонымен бірге максималды нәтижеге жетуге тырысамыз.
– Ұлттық құраманың қатыраны қандай көңіл күймен қосылдыңыз, жалпы өзіңіз Қарағандының «Шахтерінде» жүрген кезіңізден білетін Магомед Адиевтің командасында атмосфера қандай?
– Мен ұлттық құрамаға әрқашан керемет көңіл күймен және жағымды эмоциялармен келемін. Еліміздің ең үздік ойыншыларымен жаттығу үдерісіне қатысамын деп келемін. Қазір бәріміз Сан-Марино мен Солтүстік Ирландияға қарсы матчтарды күтудеміз әрі соған дайындықтамыз, біз сәттілікке сенеміз.
– Біз клубтық бизнеске оп-оңай көшіп кеттік. Жаңа маусымға аса жақсы емес көңіл күймен кірген «Шахтердің» қазіргі жағдайы қандай? Алдымен, Питменнің қаржылық жағдайы туралы айтып өтсеңіз…
– Olimpbet-Қазақстан чемпионатының бастапқы турларында ұтылмайтын жерден ұпай жоғалтып алғанымыз рас. Бірақ қазір командадағы көңіл күй жақсарды. Біртіндеп турнирлік ахуалды дұрыстап келеміз, алдағы ойындарда жоғалтқан ұпайларымызды қайтарып аламыз деген сенімдеміз.
Маусымның басы шынымен бізді алаңдатты. Бірақ «Шахтер» клубының басшылығы өздерінің немен айналысып жатқанын түсінді, ал кадр мәселесі жақсы жағынан шешіле қоймады. Клубтың әрбір мүшесі мақсатқа жетуге барынша ұмтылады. Әсіресе, біздің бас бапкеріміз Игорь Солошенко мен оның командасының еңбегі зор, олар команда үшін қолдарынан келгеннің бәрін жасауға тырысып бағуда. Тіпті, кәсіби өсу үшін көп тер төгіп жатыр.
Қаржылық жағдайға келсек, биыл клубта бюджеті тұрақты. Қарыз жоқ, барлығы уақытында төленеді, сол үшін де «Шахтердың» басшылығына үлкен алғысымды айтқым келеді. Өткен жылғы қарыздар бар, бірақ олар біртіндеп қайтарылып жатыр.
– Өткен маусымның қорытындысы бойынша екінші жыл қатарынан Olimpbet-Қазақстан чемпионатының үздік қақпашысы деп танылып, «Жыл спортшысы» атағына да ие болдыңыз. Бұл марапаттар сіз үшін қаншалықты маңызды және сіздің еңбегіңіздің осылайша мойындалуының жауапкершілігі қандай?
– Иә, мен бұл марапаттарды еншіледім, бірақ бұлар менің болдым-толдым дегенімді білдірмейді. Мен қай кезде де футболдың жеке спорт түрі емес екенін және мұндағы марапаттар жалғыз ойыншыға тиесілі емес екенін айтып жүремін. Мен клубтағы және ұлттық құрамадағы серіктестеріме, тек ойыншыларға ғана емес, жаттықтырушыларға, медициналық қызметкерлерге, әкімшілікке, басшылыққа алғысым шексіз. Бұл біздің ортақ еңбегіміз, көп олардың еңбегі менен де зор! Ал мен жай ғана сыйақыны иелендім.
– Olimpbet-Қазақстан чемпионатының клубтарына демеушілік көмектер көбейіп жатқанына қалай қарайсыз? Бұл толықтай дерлік мемлекет тарапынан субсидияланатын Қазақстанда кәсіби спорттың дамуына үлкен септігін тигізіп жатыр ма?
– Бұл, әрине, көп көмектеседі. Әсіресе бюджеті қысқартылатын клубтарға, олардың саны жылдан жылға көбейіп барады. Сонымен қатар демеушілер жанкүйерлерді тартуға жақсы мүмкіндік туғызады, көпшілікті футболға қызықтыра түседі.
Қазір адамдар стадионға тек футбол көру үшін келмейді. Олар сүйікті командасының ойынын тамашалап қана қоймай, матч күндері – ойын алдында, ойыннан кейін және үзіліс кезінде ұйымдастырылатын іс-шараларда да жағымды эмоциялардың куәсі болғылары келеді.
Мұндай үрдіс Қазақстанда көптен бері болмаған, сондықтан, менің ойымша, бұл керемет дүние! Адамдардың футболға деген қызығушылығы артып келеді, тур сайын көрермендердің қатары жиілеп жатыр! Бұған қуануымыз керек. Оның үстіне, бүкіл әлем осы бағытта жұмыс істеп жатыр.
– Сіз қазірдің өзінде табысты, өзін-өзі қамтамасыз ететін спортшылардың қатарынансыз, ұлттық құраманың сөзсіз бірінші нөмірлі ойыншысысыз. Ал жас әріптестеріңізден кімдерді атап өтуге болады? Бірінші кезекте кім сізге бәсекелес бола алады?
– Мен бәсекелестіктің көбірек болғанын қалаймын, өйткені бізде табысты спортшы саналатын ойыншылар аз. Мен олардың көбірек болғанын көргім келеді, сонда ғана қатарымыз кәсіби, шебер ойыншылармен толығады.
Мысал ретінде «Шахтер» командасындағы әріптестерім Иван Свиридов, Тимур Чогадзе және Абылайхан Назымхановтарды алайық. Маусым басында олар құрамдағы орындарынан айырылып қалды, бірақ тынбай жаттығып, өз беттерімен жұмыс істеп, өсуді жалғастыра берді. Нәтижесінде олар бапкерлер лауазымына қайта оралып, команда көшбасшыларының біріне айналды.
Дегенмен, жазғы трансферлік терезеде өсім болса, оған тек қуанамыз. Бірақ жаңадан келгендер болмаса да, біз бар күштерімізбен максималды нәтиже шығаруға барымызды саламыз.
Қақпашыларға келетін болсақ, Қазақстанда лайықты деңгейдегі қақпашылар көп, олардың ішінде біреуін бөлек-жарып айту тағы дұрыс емес. Қазіргі уақытта өз клубтарында ойнап, ұлттық құрамаға шақырылғандардың барлығы-дерлік нәтиже шығара алады. Тағы бір айтарым, біздің чемпионатта мүмкіндігінше қазақ қақпашыларының көп болғанын жөн санаймын.
– Қақпашылардың өз әлемінде өмір сүретіні, командадан аздап алшақ жүретіні, негізінен, тек бір-бірімен араласатыны және әр нәрсеге өз көзқарасы, көбіне көпшілікпен сәйкес келе бермейтін ұстанымдары бары жиі айтылады? Сіз осы стереотипті растайсыз ба, әлде жоққа шығарасыз ба?
– Меніңше, бұл жай ғана стереотип, басқа ештеңе емес. Мен өзімді командадан бөлек сезінбеймін. Қақпашылар алаң ойыншыларымен бірдей-ақ, тек оларға өз айып алаңында қолымен ойнауға рұқсат етіледі.
Әйтпесе, ешқандай айырмашылықтар жоқ және мен өзімді ортамда керемет сезінемін, өзге спортшылардан еш айырмашылығым жоқ.
– Футболдағы мансабыңызда орындалмаған амбицияларыңыз бар ма?
– Әрине, бар. Кез келген мақсатшыл спортшы сияқты, менің де ойыма алған дүниелерім жеткілікті. Өзім үшін маңызды деңгейде ойнауды өте кеш бастағаныма өкінемін. Егер мен мұны ертерек жасасам, әлдеқайда үлкен жетістікке жететін едім деп ойлаймын.
Бала кезімде Мәскеудің «Спартак» клубында ойнауды армандадым, алайда бұл нәтиже бермеді, бірақ бұған аса қатты ішім ашымайды. Өзімнің қазіргі жетістіктерім үшін, барлық қиын сынақтарға төтеп беруге күш-жігерімнің жеткені үшін, жалпы өмірде бар болғаным үшін тағдырыма ризамын. Орындалмаған амбицияларымды балаларымыз жүзеге асырады.