Орман өрті: Экология министрі Зүлфия Сүлейменова жауапқа тартыла ма?

Дәурен Ерболат

Бас прокуратура Абай облысындағы орман өрті бойынша тергеуді бастады

фото: akorda.kz

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Абай облысындағы алапат өртке байланысты журналистердің «Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова жауапқа тартыла ма?» деген сұрағына пікір білдірді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қазір прокуратура тергеу жүргізіп жатыр. Оның аясында кінәлі адамдың бәрінің жауапкершілігі анықталады», - деді Роман Скляр.

Айта кетейік, Абай облысындағы алапат өрттен 14 адам қаза тапты. Олардың бәрі орман шаруашылығының қызметкерлері.

Бас прокуратура 9 маусымда басталған Абай облысының орман алқабында тұтанған өрт фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 292-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады (абайсызда екі және одан да көп адамның өліміне әкеп соққан өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу).