Қазақстан бітімгерлік миссиясын тек БҰҰ аясында ғана жүргізеді
Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов Қазақстан армиясы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы аясында өзге елдердің аумағында ешқандай әскери іс-қимылға қатыспайтынын және бармайтынын мәлімдеді.
Қазақстан Республикасының қорғаныс министрі ретінде барлық жауапкершілікпен мәлімдеймін: Қазақстанның Қарулы күштері біздің аумағымызда, бітімгершілік мәселелері бойынша ел аумағынан шығу көзделмеген. Біз бітімгерлік миссиясын тек БҰҰ аясында ғана жүргіземіз. Бірақ ҰҚШҰ елдерінің аумағында орындамаймыз және ешқайда бармаймыз. Уайымдамасаңыздар болады, - деді Қорғаныс министрі.
Еске салайық, 2023 жылдың қаңтарында бұрынғы ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов ҰҚШҰ бас хатшысы болып тағайындалды. Ол бұл қызметті 2023 жылдың басынан 2026 жылға дейін атқарады.
Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше алты мемлекет бар: Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Армения, Беларусь, Тәжікстан.