Алматы әуежайының басшысы 20 млн теңге айлық алады – журналист
Сіздер тағы не білгілеріңіз келеді? - деді ол
Журналист Денис Кривошеев Facebook-тегі парақшасында Алматы қаласы халықаралық әуежайының қазіргі басшысы, Түркия азаматы Алп Ер Тунга Ерсойдың жалақысына наразылық білдірді.
Бұл ақша сіздердің түстеріңізге кіріп-шықпаған болар, ал мен сіздерге бір нәрсе айтайын. Қазақстанға Түркиядан келген үшінші сортты менеджер Алп Ер Тунга Ерсой Алматы әуежайының жетекшісі болып айына 45 мың доллар немесе теңгеге есептегенде, 20 млн теңге жалақы алады. Мұның бәрі оның жүріп-тұруына, іс-сапарларына жұмсалатын ақшаға кірмейді. Сіздер тағы АХӘ туралы не білгілеріңіз келеді, ә? – деп жазды ол мысқылдап.
Айта кетсек, Түрік азаматы «Алматы халықаралық әуежайы» АҚ президенті болып 2021 жылы тағайындалған. Сол кезден бері акционердік қоғамның директорлар кеңесінде әуежайдың басшысынан басқа, Фатих Омюр, Кюршад Кочак, Еткин Пакер мен Емре Мутлу деген түрік азаматтары қызмет етіп келеді.