Halyq Uni логотип
×

Оқушыларға шетелге рұқсатсыз шығуға тыйым салынуы мүмкін

25 мамырда оқушылардың бір тобы Оқу-ағарту министрлігінің рұқсатынсыз Қырымға барған еді

 Дастан Жұмабекұлы 06.06.2023 | 16:55
Оқушыларға шетелге рұқсатсыз шығуға тыйым салынуы мүмкін
фото: ашық дереккөз

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Үкімет отырысынан кейін кулуарда тілшілерге берген шағын сұхбатында оқушылардың Қырымға сапары туралы пікір білдірді.

Оның айтуынша, енді министрлік балалардың шетелге шығуына тыйым салуды жоспарлап отыр.

Балалардың бәрі Қырымнан аман-есен келді. Олар ата-аналарымен қауышты. Мұғалімге келсек, оған жаза берілді, – деді ол.

Сонымен бірге министр Қырымдағы лагерьге балалардың ата-аналар бастамасымен барғанын айтты.

Балалар Қырымға ата-аналарының бастамасымен барған. Енді министрліктің бұйрығынсыз және балаларды қорғау комитетінің рұқсатынсыз оқушыларды шетелге шығаруға тыйым салу жоспарда бар. Осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз, – деді Ғани Бейсембаев.

Еске сала кетсек, 25 мамырда оқушылардың бір тобы Оқу-ағарту министрлігінің рұқсатынсыз Росәріптестік бағдарламасы бойынша Қырымға барған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама