Ведомство мамандары бейнежазбаны тексерген
Әскери мектептегі әлеуметтік желілерге тарап, қоғамда резонанс тудырған әлімжеттік видеосының Қорғаныс министрлігінің оқу орындарына қатысы жоқ. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.
Министрліктің ресми хабарламасында ведомство мамандары бейнежазбаны көріп, тексергені жазылған.
Бұл видеодағы іс-әрекеттер Қорғаныс министрлігіне қарасты оқу орындарда болмағанын хабарлаймыз, - делінген ақпаратта.
Министрліктің 2015 жылдан бері Алматы, Шымкент және Қарағанды қалаларындағы үш республикалық «Жас ұлан» мектебіне жетекшілік ететіні тісіндірілді. Ал видеодағы жағдай Семейдегі дарынды балаларға арналған әскери мектепте болған.