Сенатор Қалтаева мүгедектерге арналған әлеуметтік мекемелердің жағдайы мүшкіл екенін айтты

Қымбат Елтайқызы

Депутат мүмкіндігі шектеулі жандардың өзекті проблемаларын көтерді

фото: Halyq Uni

Ләззат Қалтаева өзінің депутаттық сауалында мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын сақтауға қатысты мәселелерді қозғады. Сенатор медициналық және әлеуметтік мекемелерде тұратын азаматтардың проблемаларына алаңдаушылық білдірді.

Қазақстанда 22 мыңнан астам адам осындай жерде тұрады екен. Депутаттың айтуынша, ондай ірі мекемелердің тұрғындары ұйықтау мен ояну тәртібін де, емдеу орнын да таңдай алмайтын тар жерде жыл бойы, кейде өмір бойы тұруға мәжбүр.

Ең басты мәселе – көптеген жыл бойы жабық мекемеде тұрған адам қоғамда өмір сүру қабілетін жоғалтады. Тіпті қоғамда табысты өмір сүруге мүмкіндігі бар адамдар да ол жерде уақыт өткізсе бар қабілетінен айырылады. Бұл олардың әлеуметке араласу мүмкіндігін азайтады, - деді ол.

Ләззат Қалтаева сенат депутаты болып тағайындалды. Атырауда мүгедектерден пара алған екі шенеунікке қатысты қылмыстық істі тергеу басталды. Қазақстанда 525 мың мүгедекке жәрдемақы төленеді.