Halyq Uni логотип
×

Ұлдана, Ұлмекен, Ұлболсын: «Есімі үшін намыстанбасын»

Кісі есімдерін зерттеп жүрген маман соңғы уақытта балаларға жиі қойылатын есімдердің мағынасын талдап берді

 Наима Нұрәлі 05.06.2023 | 16:13

Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы, кісі есімдерін зерттеп жүрген маман Бекжан Әбдуәлиұлы Halyq Uni тілшісіне «Ұлдана, Ұлболсын есімді қыздар неліктен қыз болып туылғанымыз үшін кінәліміз?» деген сұрақтың өзіне жиі қойылатынын айтып, есімдердің адам тағдырына қалай әсер ететінін түсіндіріп берді.

«Біріншіден, ұрпақ ұлдан тарайды. Әрбір ер адамның арманы – өзінен кейін ұрпақ өрбіту әрі оның көп болуы. Екіншіден, тарихқа көз жүгіртсек, қиын күндеріміз көп болды. Көбі жаугершілікпен байланысты. Ұл бала – отбасының қорғаны, асыраушысы, сондықтан ұлға деген сұраныс жоғары болды. Ислам діні келмей тұрып, араб отбасында қыз бала дүниеге келсе, үлкен қасірет еді. Қыздарды тірідей көмген кездер болған. Қытайда құрсақтағы баланың қыз екені білгілі болса, ата-анасы алдыртып тастаған. Ал біздің дәстүрімізге үңілсек, қыз баланың есімін Ұлдана деп қою – Алладан ұл баланы сұрау. Яғни, қыз баланы артық деп тұрған жоқ. Оны қабылдап, тек келесі бала ұл болсын деген ниетпен, Ұлболсын, Жаңылсын, Үміт деген сияқты әдемі аттар қойған. Оған намыстануға болмайды», - дейді Бекжан Әбдуәлиұлы.

Сонымен қатар есімтанушы сұхбат барысында балаға қандай есімдерді мүлде қоюға болмайтынын айтып, соңғы уақытта жиі қойылып жүрген есімдердің мағынасын талдап берді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама