Halyq Uni логотип
×

Біз Ресейге кімдердің көмектесіп жатқанын біліп отырмыз – Зеленский

Кремльге санкцияны айналып өтуге көмектескен елдер тиісті жазасын алады, - деді ол

 Дастан Жұмабекұлы 05.06.2023 | 15:24
Біз Ресейге кімдердің көмектесіп жатқанын біліп отырмыз – Зеленский
фото: ашық дереккөз

Украина президенті Владимир Зеленский Үкімет мүшелерімен және Барлау қызметінің өкілдерімен кеңес өткізіп, Ресейге салынған санкцияларға қатысты мәселені талқылады.

Кеңесте Ресейдің санциялардың қандай жолмен айналып өтіп жатқаны туралы әңгіме қозғалды. Кеңес аяқталғаннан кейін Зеленский халыққа күндегідей үндеу жолдап, қай елдердің Ресейге Украинамен соғыста жасырын көмектесіп жатқанын анықтағанын айтты.

Оның айтуынша, Ресейге көмектесіп жатқан елдер көп. Әсіресе, ТМД кеңістігендегі мемлекеттер көп көмек беріп жатқан көрінеді.

Ресейге көп мемлекет көмектесіп жатыр. Біраз компанияның да атын біліп отырмыз. Олар Батыс елдерінің санкциясына қарамай, Ресейге санцияны айналып өтеуге көмектесіп отыр. Соның кесірінен РФ зымыран жасауға қажетті құрал-жабдықтарды, басқа да керекті нәрселерді алып жатыр, – деді ол.

Зеленский үндеуде Ресейге көмек беріп жатқан елдерге қатысты мәселе қаралатынын, санкцияны айналып өтетін жолдар жабылып, көмектесткен мемлекеттердің тиісті жазасын алатынын мәлімдеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама