Бұған дейін Қазақстан президентінің жақын туыстары қандай қызметтерді атқара алмайтыны айтылды
Сенат спикері Мәулен Әшімбаев Президенттің туыстарына басшылық қызмет атқаруға тыйым салу туралы заңнамаға енгілетін өзгерістерге қатысты журналистердің сұрағына жауап берді.
Нақтырақ айтқанда, БАҚ өкілдері Президенттің туыстарына қойылатын талаптардың министрлер мен әкімдерге қатысы бар-жоғын сұрады.
«Бұл мәселе қазір Конституциялық реформалар аясында президентікке қатысты қаралып жатқанын білесіздер. Басқа тұлғаларға қатысты, яғни министрлерге немесе әкімдерге байланысты да қарау керек шығар. Бірақ қандай формада болатынын қазір айту қиындау. Алдымен Конституцияға өзгерістер енгізейік. Бұл бағытта жұмыс жүріп жатқанын білесіздер, жұмыс тобына сенаторлар да қатысып жатыр.
Содан кейін мұндай мәселелердің барлығын басқа да заңдарда қарастырамыз. Бірақ оның қандай формада болатынын сол заңдарды талқылаған кезде ақылдамасыз», - деді Мәулен Әшімбаев.
Қазақстанда президенттің ағасы, әпкесі, балалары ұлттық компанияларға басшылық қызметке орналаса алмайды. Бұл туралы Әділет министрі Қанат Мусин мәлімдеді.
Президенттің жақын туыстарына - ата-аналар, балалар, асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері, атасы, әжесі, немерелері жатады. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама да жекжаттар, яғни ерлі-зайыптылардың жақын туыстары үшін шектеулер белгілейді.