Ал Барлау қызметінің басшысы мәселе бір-екі күнде, әрі кетсе бір жетіде шешілетінін айтты
Украинаның президенті Владимир Зеленский Жоғары Бас қолбасшылықтың ставкасынан кейін Қарулы күштердің жаппай қарсы шабуылға шығатын уақытының белгіленгенін айтты.
Ставкада Украина Қарулы күштерінің қарсы шабуылы талқыланды. Бізге ең әуелі әскерді қару-жарақпен қамтамасыз ету керек. Одан кейін жаңа бригадалар жасақтап, тактикамызды пысықтап алу қажет. Осыларды жаппай қарсы шабуылға дейін дайындап алсақ, шабуылға шығуға болады. Ал оның нақты уақыты белгіленді, – деді ол.
Бұған дейін Украина Қарулы күштері жаяу әскерлерінің қолбасшысы, генерал-полковник Александр Сырский, Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысы Алексей Данилов пен барлау қызметінің басшысы Кирилл Буданов та қарсы шабуылдың жақын күндері болатынын айтқан еді. Мысалы, Буданов тіпті, жаппай қарсы шабуыл бір-екі күнде, әрі кетсе бір жетіде болатынын мәлімдеді.