Президент Қазақстанның ядролық қарудан бас тартқан мемлекет екенін жеткізді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Беларусь президенті Александр Лукашенконың мәлімдемесіне жауап берді. Жуырда Беларусь президенті Қазақстанды Ресей мен Беларусь одағына қосылуға шақырған еді.
Егер, Қазақстан мен басқа да елдердің Ресеймен тығыз қарым-қатынас орнатуына ешкім қарсы болмаса, бұл оңай және қарапайым! Ресей мен Беларусь одағына кіру керек. Сонда бәрінде ядролық қару болады, - деді Владимир Лукашенко.
Қасым-Жомарт Тоқаев СҚО-ға жұмыс сапарында Беларусь президентінің мәлімдемесіне жауап беріп, Қазақстанның ресми түрде ядролық қарудан бас тартқанын жеткізді.
«Жуырда Беларусь президенті Александр Лукашенко Қазақстанды Одақтас мемлекеттер қатарына қосылуға шақырды. Мен оны әзіл ретінде қабылдадым. Меніңше, бұл Одаққа қосылудың қажеті жоқ, өйткені бірінші кезекте Еуразиялық экономикалық одақ сияқты басқа да интеграциялық бірлестіктер бар. Ал ядролық қаруға келетін болсақ, бізге оның қажеті жоқ. Қазақстан ядролық қаруды таратпау және ядролық сынақтарға тыйым салу туралы шартқа қосылған. Біз осы халықаралық құжатта көрсетілген міндеттерімізге берікпіз», - деп жауап берді Тоқаев.