Halyq Uni логотип
×

Рейтингте Азиядағы ең «жалқау» адамдар қазақстандықтар болып шықты

Жұмыс аптасы – орташа есеппен 36 сағат

 Еркеғали Болатұлы 28.05.2023 | 16:26
Рейтингте Азиядағы ең «жалқау» адамдар қазақстандықтар болып шықты
фото: grodno24.com

Украиналық блогер белгілі бір штаттағы орташа жұмыс аптасын салыстыра отырып, әр континенттегі ең еңбекқор және ең «жалқау» елдер рейтингін құрастырды.

Ол зерттеуін Австралия мен Океания сияқты аз жұмыс істейтін елдерден бастады. Австралия тұрғындары аптасына 32 сағат, Жаңа Зеландияда 33 сағат жұмыс істейді екен.

Еуропадағы ең еңбекқор елдер – Украина, Польша және Греция. Бұл елдердің азаматтары аптасына орта есеппен 40 сағат жұмыс істейді. Ал ең аз еңбек ететін елдер – Германия мен Ұлыбритания, оларда тұрғындар аптасына 33 сағат жұмыс істейді. Бірақ Германия – Еуропадағы еңбек өнімділігі ең жоғары ел, сондықтан олар өте аз жұмыс істесе де, жақсы нәтиже көрсетеді.

Солтүстік Америкада ең еңбекқор мемлекет – Мексикада адамдар аптасына 45 сағат жұмыс істейді. Ең аз жұмыс істейтін ел – АҚШ (аптасына – 34 сағат).

Колумбия Мен Перу – Оңтүстік Америкадағы ең еңбекқор мемлекеттер, онда адамдар аптасына орта есеппен 45 сағат жұмыс істейді. Ал 39 сағаттық жұмыс аптасы тіркелген Бразилия және 34 сағаттық жұмыс аптасы бар Аргентина аз жұмыс істейтін елдерге жатады.

Азияда жұмыс аптасы орташа есеппен 36 сағат болатын Қазақстан ең «жалқау» ел болып танылды. Ал Бангладеш – ең еңбекқор мемлекет. Халқы аптасына 49 сағат жұмыс істейді.

Әлемдегі ең еңбекқор континент – Африка, ондағы ең ұзақ жұмыс аптасы Египетте 53 сағат, Мавританияда 54 сағат болып тіркелген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама