×

Нәубет жылдарында Үндістанға да 3 200 қазақ бас сауғалап барған

Ғалымдарда Тибет, Гималайды басып өткен қаралы көштің толық тізімі бар

 Еркеғали Болатұлы 26.05.2023 | 17:18
фото: dekoder.org

Былтыр «Архив-2025» бағдарламасы аясында 10 елге барып-қайтқан ғалымдар осылай дейді. Экспедиция барысында жиналған құжаттар елордада өткен көрмеде таныстырылды, деп хабарлады «Хабар 24» телеарнасы.

Тарихшылар 30-жылдары Қытайға 18-45 мың аралығындағы адамның босып кеткенін айтады. Алайда қаншасының шекарадан ары асқаны белгісіз.

Ғалымдарда Тибет, Гималайды басып өткен қаралы көштің толық тізімі бар. Олардың 2 мыңға жуық қойы, 500 шамасында сиыры мен жылқысы болған.

Кейін Пәкістан, Ауғанстан арқылы Түркияға жеткен. Басым бөлігі аштық, ауру, ыстық-суық пен қарақшылықтан көз жұмып, небары мыңнан аса адамға Анадолыдан дәм бұйырған. Қазір құжаттарды зерттеу жұмыстары жүріп жатыр. Ғалымдар бұл ауқымды істің тек басы ғана екенін айтады.

Енді біз барып келген іссапарды жалғастырып, тағы да әрі қарай зерттеу керек. Себебі Үндістанда көп дүние бар. Біз Нью-Делиде ғана болдық. Былай қарасаңыз, олар Бхопал, Хайдарабад деген қалаларында өмір сүрген. Сол жерге дейін жетуіміз керек.

Міндетті түрде Англияға бару қажет. Англияның архивінде де дерек болуға тиіс», - деді Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының директоры Жандос Болдықов.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама