×

Үйдегі «хозяйка» қазақстандық күрішті пайдаланады - Қарашөкеев

Мен баратын супермаркетте Қызылорда күрішінің 10-15 түрі тізіліп тұр, - дейді министр

 Еркеғали Болатұлы 25.05.2023 | 14:20
фото: ашық дереккөз

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев арзан күріштің сапасына қатысты пікір білдірді.

Бүгінде супермаркеттерде дәні шағылған арзан күріш сатылады. Журналистер министрден арзан бағаға сатылатын осы күріштің сапасы туралы сұрады.

Өзім Қазақстанның күрішін ғана аламын. Ол күріштің сапасы өте жоғары. Бізде мынау «сечка» дейді ғой, шағылып қалған, сынған күрішке сұраныс жоқ. Ол күрішті Ресей Федерациясы мен Беларусь алып кетеді. Ол жақта шарап жасайды, - деді ол Сенатта өткен брифингте.

Сондай-ақ министр Қызылорда күрішінің сапасы жоғары екенін атап өтті.

«Мен баратын супермаркетте Қызылорданың күріші болады, 10-15 түрі тізіліп тұр. Одан палау да дұрыс шығады, көже жасасаң да болады. Біздің үйдегі «хозяйкамыз» қазақстандық күрішті пайдаланады», - деп ағынан жарылды Ербол Қарашөкеев.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама